13 Қазан 2026, 19:05 Фото: freepik.com

Павлодар облысында 99 шетел азаматы елден шығарылды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін тоғыз айда 6 279 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 1 504-і – шетел азаматтары. Сот шешімімен 99 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды.

Полиция мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 119 жұмыс беруші жауапқа тартылған.

Есепті кезеңде 595 шетел азаматы Қазақстан азаматтығын алды. Сонымен қатар облыстың 254 тұрғынына шетелге тұрақты тұруға кетуге рұқсат берілді. Олардың 94-і алыс шетел мемлекеттеріне, ал 160-ы ТМД елдеріне қоныс аударуды жоспарлаған, – делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында екі күнде 88 шетел азаматы ел аумағынан шығарылған еді.

Тағы оқи отырыңыз:

Павлодарда шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз тартқан тұрғын анықталды

Шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұру рұқсатын қалай алуға болады?

Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді: Шетелдіктерге жаңа талап енгізілмек