Пандемия салдарынан миллиондаған адам дағдарысқа ұшырады - Якуп Бериш
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҰҰ Қазақстандағы Дамыту бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының музейінде өтіп жатқан «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы бірлік пен серіктестіктің 30 жылдығы» атты бірінші әлеуметтік жобалар форумында айтты.
Ол бүгінгі форумның маңызды екенін атап өтті.
Пандемия салдарынан мыңдаған, миллиондаған адам дағдарысқа ұшырады. Сол себепті пандемияның салдары әлемге ықпалын тигізді. Қазіргі күні COVID-19 пандемиясына дейінгі өмірге қайта оралу мәселесін қарастырып жатырмыз, - деді БҰҰ өкілі.Бериш мырза атағандай, індет барлық мемлекетке оның жағдайына, яғни бай не кедей екеніне қарамастан әсер етті. Яғни COVID-19 орнықты дамудың әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелеріне жағымсыз салдарын көрсетті.
Қазақстанда орнықты даму бойынша және прогресс бойынша үлгі бар екенін білемін. Қазақстанның соңғы үш онжылдықта дамығанының куәсі болдық. Қазақстанның көшбасшылығы және стратегиялық көрінісі, мақсаттары ұзақ мерзімді даму үшін мүмкіндіктер ашты. Ол ұзақ мерзімді перспектива Қазақстанның 2050 стратегиясында көрсетілген. Бұл стратегиялық процестерге қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Яғни әртүрлі техникалық және басқа да қолдау түрлерін көрсеттік. Институционалдық реформалардың басым тұстары бойынша әлеуметтік саясатта бізге қажетті тұғырнама берді. Осындай өзгерістерге қажет құрылыс блоктарын жасауға көмектестік. Қазақстан «2030 орнықты даму» бағдарламасын қолдады. Сондай-ақ пандемияның жағымсыз салдарына қарамастан орнықты даму мақсаттарына жетуге керемет мүмкіндіктер бар, - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар ұлттық даму жоспарына сәйкес қадамдар да жасалады.
Президенттің алға қойып отырған мақсаттары биік. Ұзақ мерзімді даму жоспарын, басымдықтарды есепке алу керек. Өте маңызды трансформациялардың арқасында біртіндеп өзгеріп жатырмыз, - деп айтты Якуп Бериш.Оның сөзінше, әлеуметтік салада трансформация қажет. Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартып, сондай-ақ көмекке мұқтаж халыққа көмек беру керек.
Қазіргі кезде экономикалық трансформация басталып кетті. Білім беру және индустриалдық даму салаларында өтіп жатқан белгілі бір процестер бар. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі ұлғайып жатыр. Одан бөлек, «Жасыл экономиканы» дамытуға мұқтаждық өсіп келеді, - деп түсіндірді ол форумда.Сөз соңында форумды ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, серіктестікті әрі қарай жалғастыратынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатор Маминнен проблеманы шешуді талап етті
Өзгелердің жаңалығы