Жалпы жаңалықтар
-
Қар аралас жаңбыр, жел: Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады
Метеорологтардың болжамы бойынша 10 ақпанда Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Елдің барлық аймағында жаңбыр мен қар жауып, сондай-ақ жел күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
6 ай бойы аңдыған: Астанада сталкер сотталды
Астана тұрғыны жәбірленушіні жарты жыл бойы аңдып, қорғау нұсқамасын елемеген. Сот оны сталкинг үшін кінәлі деп танып, қоғамдық жұмыстарға тартты және өтелмеген жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Құлсарыда балтамен сыныптастарына шабуыл жасаған жасөспірім мектепке қайта оралды
Құлсарыда мектепте құрдастарына балтамен шабуыл жасаған жасөспірім сабаққа қайта кірісті. Сот оны үйқамақта қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Петропавлда оқушы мектепке тапанша алып барған: Полиция түсініктеме берді
Петропавлдағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысының сабаққа тапанша алып барған. Аталған жағдайға қатысты Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Моди мен Эрмине келісімі: Үндістан Сейшельге 175 млн доллар береді
Үндістан Сейшель аралдарына 175 миллион доллар көлемінде экономикалық қолдау пакетін беретінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Қазақстанда мотор майлары цифрлық бақылауға өтеді: Автокөлік иелері үшін не өзгереді?
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау жүйесі іске қосылды. Енді әрбір кәністірге арнайы бірегей код жапсырылады, оны тұтынушылар арнайы мобильді қосымша арқылы тексере алады. Бұл шешім жалған май өнімдерімен күреске бағытталған. Сарапшылардың бағалауынша, нарықтағы мотор майларының жартысына жуығы жалған болуы мүмкін.
Жаңа жүйе автокөлік қозғалтқыштарын қорғауға, жүргізушілердің шығынын азайтуға және нарықты ашық әрі әділ етуге тиіс. Алайда бағаға әсер ете ме және автосервистердің жұмысы қалай өзгереді -тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін басты сұрақ осы. Толығырақ BAQ.kz тілшісінің материалында.
10.02.2026
-
«Жұмыссыздық жәрдемақысы 400 мың теңге»: Қазақстанда қанша төлейді және қалай рәсімдеуге болады?
Әлеуметтік желілерде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны рәсімдеп, ай сайын 400 000 теңгеге дейін алуға болатыны туралы жазбалар кеңінен тарауда. Осы қаншалықты рас және не істеу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
"Трамп маршруты" Оңтүстік Кавказды өзгертуі мүмкін
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Арменияда TRIPP жобасының іске асуы Оңтүстік Кавказдағы сауда, транзит және энергетика жүйелерін түбегейлі өзгертетінін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ Interfax.ru агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
10.02.2026
-
Елімізде Нипах вирусына байланысты шекарадағы санитариялық бақылау күшейді
Қазақстанда Нипах вирусының таралу қаупіне байланысты мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Иран ядролық уран қорын қысқартуға дайын, бірақ шарт қойды
Иран халықаралық санкциялар алынып тасталған жағдайда жоғары деңгейде байытылған уран қорын қысқартуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Эслами айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
10.02.2026
-
Теңгедегі депозит пен доллардағы салым: Қайсысы ұтымды?
Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, АҚШ доллары күннен-күнге құлдырап, бүгінгі бағам бойынша 1 АҚШ доллары – 494,63 теңгені құрады. Бұл қаржысын доллармен жинайтын салымшылар үшін алаңдаушылық тудырып отырғаны жасырын емес. BAQ.KZ тілшісі «қаржыны теңге арқылы депозитке жинаған жөн бе, әлде долларлай салым жасаған абзалырақ па» деген сауалдарға экономист Бауыржан Ысқақпен бірге жауап іздеп көрді.
10.02.2026
-
Нұрлан имам АҚШ-та Дональд Трамп қатысатын қайырымдылық іс-шарасына барды
Еліміздегі белгілі имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та өтетін қайырымдылық іс-шарасына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Түркістанда үшем дүниеге келді
Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Ұлытау облысында азаматтық некедегі жұбайын өлтірген әйел сотталды
Ұлытау облысында азаматтық некедегі ер адамды өлтірді деп айыпталған әйел 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Ұлыбритания премьер-министрі Эпштейн жанжалына байланысты отставкаға кетуден бас тартты
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер АҚШ-та елші қызметіне Питер Мандельсонның тағайындалуына байланысты туындаған жанжалға қарамастан, қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
10.02.2026
-
Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды
Кеше Шымкенттегі Шығыс шағын ауданындағы пәтерден бір отбасының үш мүшесінің мәйіті табылды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаны растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Еуропада газ бағасы 5%-ға төмендеді
TTF индексі бойынша (Нидерландыда орналасқан Еуропаның ең ірі хабы) наурыз айындағы (ең жақын) фьючерстер сауданы 398,4 доллардан (-8,5%) ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prime басылымына сілтеме жасай отырып.
10.02.2026
-
10 ақпанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026