Ұлытау облысында азаматтық некедегі жұбайын өлтірген әйел сотталды
Ұлытау облысында азаматтық некедегі ер адамды өлтірді деп айыпталған әйел 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысында азаматтық некедегі ер адамды өлтірді деп айыпталған әйел 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облыстық сотының мәліметінше, И.-ға қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі — адам өлтіру дерегі бойынша қаралған. Тергеу және сот барысында 2025 жылдың тамызында алкогольдік мас күйдегі ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындағаны анықталды. Жанжал кезінде әйел ас үй пышағымен азаматтық некедегі жұбайының кеуде тұсына бір рет соққы жасаған. Алған жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші тараптың және куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, сондай-ақ іс материалдарындағы өзге де заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген. Мемлекеттік айыптаушы соттан әйелге 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, жазаны жеңілдетуді өтінген. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша бұл құқық бұзушылық аса ауыр санатқа жатады және 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Істің мән-жайын, айыпталушының кінәні мойындауы мен шын жүректен өкінуін жеңілдететін жағдай ретінде ескерген сот үкімімен И.-ға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- Улы газдар тарады: Иран тұрғындарына қышқылды жаңбыр туралы ескерту жасалды 14:52
- Эльмира Оразалиева: Адами капитал – жаңа Конституцияның стратегиялық бағыты 14:17
- Иран Кувейттегі америкалық тікұшақ базасына соққы жасады 13:48
- Көшербаев Кувейт cыртқы істер министрімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады 13:17
- Соңғы тәулікте Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 1,8 мың азамат оралды 12:47
- Аспанға ғашық ару: Тікұшақ тізгіндеген қазақ қызының ерекше жолы 12:20
- Энергияны үнемдеу үшін Филиппин төрт күндік жұмыс аптасын енгізуі мүмкін 11:48