Ұлыбритания премьер-министрі Эпштейн жанжалына байланысты отставкаға кетуден бас тартты
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер АҚШ-та елші қызметіне Питер Мандельсонның тағайындалуына байланысты туындаған жанжалға қарамастан, қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер АҚШ-та елші қызметіне Питер Мандельсонның тағайындалуына байланысты туындаған жанжалға қарамастан, қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін Питер Мандельсонның қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы болғаны жөнінде айыптаулар айтылып, қоғамда үлкен резонанс туғызған еді.
Кир Стармердің айтуынша, қазіргі жағдайда үкімет жұмысты жалғастырып, елді дамытуға күш салуы тиіс.
Біз саясаттың ізгі күш бола алатынын дәлелдеуіміз керек. Мен бұған сенемін. Осы сәттен бастап алға жылжимыз. Елді өзгерту жолындағы жұмысымызды сенімді түрде жалғастырамыз, – деді премьер-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания премьерінің аппарат басшысы Морган Максуини отставкаға кеткені хабарланған болатын. Белгілі болғандай, ол бұл шешімді Питер Мандельсонды АҚШ-тағы елші қызметіне тағайындауға байланысты жанжал үшін қабылдаған.
Қызметтен кету туралы мәлімдемесінде Максуини бұл тағайындауды қате шешім деп атап, жауапкершілікті өз мойнына алған. Саяси шолушы Бет Ригбидің пікірінше, Максуинидің отставкасы премьер-министрді саяси дағдарыстан "құтқарып қалуға" бағытталған қадам болған.
- Алматы тауларында қар көшкінін түсіруге заманауи технология қолданылды 12.03.2026
- Ормуз бұғазындағы шабуылдар: сегіз теңізші қаза тапты 12.03.2026
- Павлодар облысында қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды 12.03.2026
- Ақтөбеде аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды 12.03.2026
- Мәулен Әшімбаев: Жаңа сын-қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы 12.03.2026
- Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды 12.03.2026
- Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз – "Жаңа адамдар" Қозғалысының көшбасшысы 12.03.2026