Өзбекстанда Орталық Азиядағы батареялары бар алғашқы жел электр станциясы салынуда
Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстанда Орталық Азиядағы жел генерациясы мен электр энергиясын жинақтаудың ірі жүйесін біріктіретін алғашқы жоба – «Nukus 2» жел электр станциясының құрылысы аяқталып келеді. 26 турбинаның 25-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.
Жел паркінің қуаты 200 МВт, ал аккумуляторлық жүйенің қуаты 100 МВт·сағатты құрайды. Батареялар электр энергиясын жинақтап, оны өндіріс төмендегенде немесе тұтыну артқанда желіге бере алады. Құны 232 млн еуро болатын жобаны халықаралық банктердің қатысуымен саударабиялық «ACWA» компаниясы жүзеге асыруда.
Іске қосылғаннан кейін станция 300 мыңнан астам адамды электр энергиясымен қамтамасыз ете алады және жыл сайын шамамен 728 мың МВт·сағат өндіреді. Нысанды толықтай 2026 жылдың қараша айының соңына қарай іске қосу жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан екінші АЭС салуға дайындалып жатқаны айтылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Өзбекстан 2030 жылға қарай электротехника өндірісін 11 миллиард долларға дейін арттырады
Өзбекстан құны 8 миллиард доллардан асатын мемлекеттік активтерді сатылымға шығарады
Өзбекстан екінші АЭС салуды Қытайға сеніп тапсырды