Өз кінәмізді мойындаймыз. СҚО әкімдігі мектептегі оқушының әрекеті жайлы айтты
СҚО-да оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқаны білгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған кеңесте мәлімдеді.
Облыстағы 465 мектепке 9 313 камера орнатылып, 320 мектеп Жедел басқару орталығына қосылған. 328 мектеп дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген. 26 мектепте мамандандырылған күзет бар, - деп айтты әкімнің орынбасары.
Тасмағанбетов оқушының мектепке қалай қабылданғаны туралы сұрақ көптеп қойылғанын айтты.
Денсаулық сақтау туралы» кодекске сәйкес денсаулық жағдайы туралы ақпарат медицина қызметкерінің құпиясы саналатынын жақсы білеміз. Сол себепті медицина қызметкерінің құпиясын саналатын мәліметтерді адамның келісімінсіз тек тергеу органдарының, прокурордың, соттың сұрау салуы бойынша беруге жол беріледі. Яғни мектеп диагнозы туралы біле алмайды. Ешқандай нормативтік актіде психикалық ауруы бар балаларға жалпы білім беретін мектепте оқуға тыйым салынғанбаған. Өз кінәмізді мойындаймыз және кешегі оқиғадан кейін туындаған барлық мәселені шешу үшін кешенді шараларды жүзеге асыруға тырысады, - деп түсіндірді ол кеңесте.
Кеше, яғни 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектептің оқушысы мектепкеасхана балтасымен келіп, үш оқушыны жарақаттады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев оқиғаның мән-жайын айтты.
Сонымен бірге Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Петропавл мектебіндегі жағдайдың күрделі екенін айтып, министрліктерге тапсырма берген болатын.
Қазіргі күні ауруханаға түскен екі оқушы жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық.
Осы мәселеге байланысты Оқу-ағарту министрлігі шұғыл кеңес өткізді. Министр Ғани Бейсембаев өңірлерге өз ұсынысып айтып, тапсырма берді.