11 Тамыз 2026, 20:52 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

«Несие үшін бонус алыңыз»: Алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Павлодар облысында құқық қорғау органдары несие рәсімдеп, оны кейін жауып беруге бонус уәде еткен интернет-алаяқтық схемасының бетін ашты.

Алаяқтар қандай уәде берді?

Алаяқтар облыс тұрғынына несие рәсімдеуді ұсынған. Содан кейін оның орнына несие сомасының 10%-ын төлеуге және несиені мерзімінен бұрын толық өтеуге уәде берген. Әйел сөздеріне сеніп, алаяқтардың барлық нұсқауын орындаған.

Дегенмен, несиелерді рәсімдегеннен кейін ол уәде етілген төлемдердің жүзеге аспағанын білген. Сөйтіп қарыздарды өтеу міндеттемелері оның өз  мойнында қалған.

Зардап шеккендер қанша?

Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция осыған ұқсас әдіспен тағы тоғыз азаматтың алданғанын анықтады. Күдікті ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары мен басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталуда.

Жыл басынан бері мыңнан астам жағдай

Полиция мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Павлодар облысында 1000-нан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Залал мөлшері кейбір жағдайларда бірнеше мыңнан ондаған миллион теңгеге дейін жетеді.

Алаяқтардан қалай қорғану керек?

Полиция азаматтарды цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

  • бөгде адамдарға жеке деректерді, банктік карта реквизиттерін, құпия сөздерді және растау кодтарын бермеу;

  • SMS, мессенджерлер мен электрондық поштадан келген күмәнді сілтемелерге өтпеу;

  • бейтаныс адамдардың өтініші бойынша несие рәсімдемеу;

  • қаржылық операциялар туралы ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеру;

  • қажет болған жағдайда тікелей өзіңіздің банкіңізге хабарласу.

Құқық қорғаушылар адам өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырса да, оның өкілеттігі мен алынған ақпаратты ресми арналар арқылы тексеру қажеттігін ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін Қосшы тұрғыны шымкенттік «емшіге» 9 миллион теңгеге жуық ақша аударған

Тағы оқи отырыңыз:

Ақтауда Африкадағы алмазға сенген 1000-нан астам салымшы қаржы пирамидасына алданды

Астанада баспана кезегін «жылжытып беремін» деп адамдарды алдаған әйел ұсталды 

Арзан турдың зардабы: Ақтөбеде 200-ден астам тұрғын демалыссыз қалды