Бүгiн 2026, 11:02 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Нәлібаев Үкіметке келді: Бектенов жаңа бірінші орынбасарына сәттілік тіледі 

Премьер-министр Роман Склярға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов кадрлық өзгерістерге байланысты сөз сөйлеп, Роман Склярға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті әріптестер, өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болды. Үкімет атынан Роман Васильевичке Үкімет құрамындағы нәтижелі бірлескен жұмысы үшін алғысымды білдіремін және жаңа жауапты қызметінде табыс тілеймін, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне кірісті. Нұрлыбек Машбекұлы, өзіңізге сәттілік тілейміз. Мемлекет басшысының сенімін толық ақтайсыз деп сенемін, – деді Премьер-министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болған еді. Ол 2026 жылғы 6 мамырда Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне ауысты.

Ал оның орнына 2026 жылғы 8 мамырда Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев тағайындалды.