Мысықты Тик-ток эфирінде қинаған: Қызылорда ер адам жауапқа тартылды
Қызылордада мысыққа қатыгездік көрсеткен тұрғын анықталды
Қызылорда облысының полицейлері жануарға қатыгездік танытқан адамды ұстады.
21 қыркүйек күні «Тикток» әлеуметтік желісінде ер адамның мысықты қинап, қатыгездік танытқаны туралы бейнежазба тарады.
Полиция қызметкерлері жедел түрде бейнежазба бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Ол 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Кетенов Серик болып шықты. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Бұдан бөлек, оған мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды. Жануарға қатыгездік таныту қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екендігі түсіндірілді, - деп хабарлады Қызылорда облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов.
Үй жануары тірі және зардап шеккен жоқ.
Полиция жануарларға қатыгездік көрсетуге жол берілмейтінін ескертеді. Жануарға күш қолдану, оны қинау немесе зиян келтіру заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда мысықтарға қатыгездік көрсеткен балалардың ата-аналары жауапқа тартылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Жануарлармен сөйлесу дәуірі жақын ба? Ғалымдар ЖИ мүмкіндігін зерттеп жатыр
Құландар Іле-Балқашта жаңа мекенге бейімделуде
Қазақстандық мал өсірушілер Қырғызстаннан 1 миллион доллар тұратын қошқар сатып алды