Мектептегі заңсыздық: Алматы облысында 1000-нан астам балаға тегін ыстық тамақ берілмеген
1 мыңнан астам бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген.
Алматы облысының прокуратурасы білім беру саласында балалардың құқықтарының бұзылуын анықтады.
Белгілі болғандай, мектепте 1000-нан астам бала ыстық тамақ ішпеген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Алайда жүргізілген тексеру нәтижесінде облыстың 70-тен астам мектебінде: Еңбекшіқазақ ауданы – 45, Талғар – 7, Жамбыл – 5, Ұйғыр – 14, Қарасай – 4, Қонаев қаласы – 9 мектепте аталған талаптардың сақталмағаны анықталды. Нәтижесінде 1 101 бала мемлекеттік қолдаудың бұл түрімен қамтылмаған, - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша балалардың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық оқушы тиісті тамақпен қамтамасыз етілді, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Жалпы ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасымен 30 мыңға жуық баланың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды.
Еске салайық, бұған дейін мектептерде тексеру жүргізіліп, министрлік алаңдатарлық дерек жариялады.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қазақстан мектептерінде тамақтану қаншалықты қымбаттады
Депутат дабыл қақты: Балаларға тегін беріліп жатқан тамақ қоқысқа тасталып жатыр
Жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға әуес – Бектенов
- Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогінде төрт медаль жеңіп алды 14:48
- Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді 14:13
- Маңғыстауда мұнай кен орнында резервуарды тазалау кезінде өрт шықты 13:49
- Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа қатаң талап қойды 13:17
- Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды 12:49
- 9 тамызға арналған валюта бағамы жарияланды 12:09
- Индонезияда ірі орман өрті шықты: ұлттық парк жабылды 11:55