11 Тамыз 2026, 19:14 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Мектеп директорының ЭЦҚ-сын алып, 300 млн теңгеден астам қаржы жымқырған бухгалтерлер сотталды

Мектеп бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Қарағандыда директордың ЭЦҚ-сын алып, 300 млн теңгеден астам қаржы жымқырған екі бухгалтерлер сотталды.

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі бойынша мектеп бухгалтерлеріне  қатысты қылмыстық істі қарады.

2026 жылғы 21 шілдеде сот алқасы бас бухгалтер мен бухгалтерге қатысты қылмыстық істі қарады. Сотта Т.-ның 2010 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы маусымға дейінгі кезеңде «№33 орта мектеп» КММ-нің бас бухгалтері болып жұмыс істей отырып, ал Н.-ның аталған мектепте бухгалтер қызметін атқара отырып, өздерінің қызметтік жағдайларын пайдаланып және мектеп директорларының электрондық цифрлық қолтаңбаларын заңсыз пайдалана отырып, бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырғаны анықталды.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Т. өздерінің карт-шоттарына үстемеақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер ретінде негізсіз ақша аудару арқылы 2010 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі кезеңде 10 658 920 теңге, 2012 жылғы наурыздан 2024 жылғы маусымға дейінгі кезеңде 192 576 422 теңге, ал Н. 113 087 767 теңге жымқырған, - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бірінші сатыдағы соттың үкімімен Т. және Н. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Т.-ға 6 жыл, Н.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сотталғандар мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бухгалтер лауазымдарын атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды. Сотталғандардан азаматтық талап қою шеңберінде келтірілген залал сомалары өндіріліп, оларды ерікті түрде өтеу үшін алты ай мерзім белгіленді. Сотталған Т.-ның жылжымайтын мүлкіне салынған тыйым сақталды. Сотталғандардан азаматтық талап қою шеңберінде келтірілген залал сомалары өндіріліп, оларды ерікті түрде өтеу үшін алты ай мерзім белгіленді. Сондай-ақ сотталған Т.-ның жылжымайтын мүлкіне салынған тыйым сақталды, - делінген сот хабарламасында. 

Сот алқасы сотталғандар мен олардың адвокаттарының апелляциялық шағымдары бойынша апелляциялық тәртіппен келіп түскен қылмыстық істі қайта қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында сот қарызға батқан мұғалімнің ісін қарады

Тағы оқи отырыңыз:

Мұғалімді «маскүнем» деп атаған: Семейлік педагог сотқа арызданды 

Қазақстандықтар несие алуды азайтты

Қандай жағдайда сақтандыру компаниясы қарыз алушының несиесін өтейді?