Мәжіліс төрағасы коронавирустан емделіп жатыр

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгін палатаның жалпы отырысына қатыспады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, спикер денсаулығына байланысты емделіп жатыр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты ем қабылдап жатыр, - деді баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, Қошанов коронавирус инфекциясына шалдыққан.

Еске салсақ, бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтті.  Отырыста Премьер-министрдің лауазымына кандидатура қаралып, депутаттар өз дауыстарын берді. Сөйтіп Олжас Бектенов ресми түрде Премьер-министр атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы