Бүгiн 2026, 14:30 Фото: Ақорда

Макрон Иранмен диалогты қайта бастау ниеті туралы мәлімдеді

Оның айтуынша, сақталып отырған шиеленіс пен тараптардың қарымта әрекеттері жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізбейді.

Макрон әлемдік экономика үшін маңызды болып табылатын газ, мұнай, тыңайтқыш және басқа да жүктер тасымалданатын Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ ол АҚШ пен Иран арасында бұған дейін қол жеткізілген екі апталық бітімді құптап, оны одан әрі нығайтуға, соның ішінде аймақтағы толыққанды кеме қатынасын қалпына келтіруге шақырды. 

Бұған дейін Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін транзиттен табыс таба бастағаны белгілі болған еді. Тегеран стратегиялық маңызды бағытқа бақылауды сақтай отырып, өтетін кемелерден ақы ала бастағандарын мәлімдеді.

22 сәуірде АҚШ Ормуз бұғазының жабылуы салдарынан отын тапшылығын сезініп отырған елдердің өтініші бойынша, Ресей мен Иран мұнайын теңіз арқылы жеткізуге салынған санкцияларды жеңілдету мерзімін 30 күнге ұзартты.

21 сәуірде бұл портта бес мұнай танкері болған. Дегенмен, Иранның төрт мұнай танкері Ормуз бұғазындағы АҚШ блокадасын бұзып өтіп, ислам республикасының су айдынына кірді. Бұл туралы Tankers Trackers тәуелсіз компаниясы хабарлады.

Бұған дейін Иран Ормуз бұғазында екі кемені ұстаған болатын. Жағдай әлі де шиеленісіп тұр.

Тағы оқи отырыңыздар:

Уран жеткізу және АЭС: Қазақстан мен Франция энергетикалық байланысты нығайтпақ

Қазақстан мен Франция стратегиялық әріптестікті нығайтуға ниетті

Оңтүстік Корея мен Франция Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті күшейтеді