Лифтідегі «төбелес»: Қызылордада 20 жастағы жігіт жазаланды
Қызылорда облысында лифт ішінде пранк жасаған азамат жауапқа тартылды.
Қызылорда облысында лифт ішінде пранк жасаған азамат жазаланды.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында лифт ішінде болған жанжал бейнеленген видеоны анықтады.
Бейнежазбадан азаматтың танысымен бірге лифт ішінде сөзге келіп, арты төбелеске ұласқанын байқауға болады. Олардың бұл әрекеті лифтіде болған басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген.
Алайда бейнежазбаның соңында жанжалға қатысушылар бұл әрекеттің пранк екенін айтқан.
«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғыны Қасымбек Нұрсұлтанды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Сот шешімімен азаматқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі.
Полиция мұндай «әзілдерге» жол берілмейтінін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда тікелей эфирде балағат сөз айтқан екі блогер қамауға алынды.
Тағы оқи отырыңыз:
Лайк үшін 15 тәулік: Желіде «жұлдыз» болғысы келген азамат қамауға алынды
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды
Балағат сөздері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған әйел психикалық орталыққа жатқызылды
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40
- Қазақстанда алғаш рет: Алматының қалалық кардиоорталығы JCI аккредитациясын алды 20:10
- Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде 19:49