Бүгiн 2026, 17:23 Фото: vkruiz.kz

Круиздік лайнердегі хантавирус: ДДСҰ жаңа деректер жариялады

Ұйымның мәліметінше, вирус жұқтырғандар саны 12-ге жетіп, үш адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус круиздік лайнерде тіркелген хантавирус індетіне байланысты жаңа мәлімдеме жасады.

ДДСҰ басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында әлемдегі қазіргі ахуал туралы жазба жариялады. Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін вирус жұқтырған 12 жағдай тіркеліп, үш адам көз жұмған.

2 мамырдан бері вирустан жаңа өлім жағдайы тіркелмеген. Қазіргі уақытта барлық жолаушы мен экипаж мүшелері карантинде қалып, дәрігерлердің бақылауында отыр. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Біз қырағылықты сақтап, барлық тиісті органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз, – деп жазды желідегі парақшасына Тедрос Аданом Гебрейесус.

Еске салайық, бұған дейін туристер мінген лайнерде қауіпті вирус тарап, үш адам қайтыс болғаны туралы жаздық.

Сондай-ақ ДДСҰ хантавирус жұқтырғандардың ресми санын жариялады.

Сонымен қатар ДДСҰ, психологтар мен санитарлық мамандар хантавирусқа қатысты қоғамдағы алаңдаушылықты талдады.