10 Қыркүйек 2026, 14:13 Фото: istockphoto.com

Көршілер арасындағы жанжал: Шымкентте ер адам қаза тапты

Шымкентте көршісімен төбелескен ер адам көз жұмды.

Шымкентте көршісін ұрып өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. 

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алдын ала анықталғандай, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған.

Алған дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды

Тағы оқи отырыңыз: 

«Маньяк жүр» деген қауесет: Полиция Кентаудағы оқиғаның мән-жайын айтты

Әйелді үйінде ұрып, телефонын тартып алған: Леңгірде түнде шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Шығыс Қазақстанда екі адамның денесі табылды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)