Бүгiн 2026, 10:33 Фото: Алматы облысының әкімдігінен

Конституциялық сот Алатау қаласына арнайы мәртебенің берілуін тексерді

Заңды Қазақстан Парламенті 2026 жылғы 27 наурызда қабылдап, 31 наурызда Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынған.

Қазақстан Республикасының Конституциялық соты «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңның Конституцияға сәйкестігін тексерді.

Еске салсақ, аталған заңды Қазақстан Парламенті 2026 жылғы 27 наурызда қабылдап, 31 наурызда Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынған.

Конституциялық сот заңның Конституцияда белгіленген рәсімдерге сай, Парламент палаталарының бірлескен отырысында және оның құзыреті шеңберінде қабылданғанын атап өтті.

Сондай-ақ Сот бұл құжаттағы нормалардың басым бөлігі 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Конституция ережелерін ескере отырып, кезең-кезеңімен енгізілетінін көрсетті. Аталған Конституция жаңа құқықтық нормаларға негіз болатын тетіктерді қамтиды.

Конституциялық бақылау органы жаңа Конституцияда бекітілген мемлекет егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігі мен тәртіпті қамтамасыз ету қағидаттарына ерекше назар аударды. Бұл талаптар Алатау қаласы әкімдігі мен оның органдары қабылдайтын барлық нормативтік-құқықтық актілерде қатаң сақталуы тиіс.

Бірінші кезеңде енгізілетін өтпелі ережелер бұрын жасалған инвестициялық келісімдерге, келісімшарттарға және жер қойнауын пайдалану лицензияларына қатысты. Олар құқықтық айқындық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған және қолданыстағы Конституцияға қайшы келмейді.

Қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот аталған заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына толық сәйкес деп таныды.

Еске салайық, наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын екінші оқылымда Мәжіліс депутат Нұртай Сабильянов таныстырды. Ол заңдағы нормаларды түсіндіріп берді

Оқи отырыңыз: Alatau City: Қазақстанның жаңа экономикалық жүрегі қалыптасып келеді

Алатауға ерекше мәртебе: Триллиондық жоба өзін ақтай ма?

Алатаудағы жер шетелдіктерге беріле ме? – Депутат жауабы