11 Қараша 2026, 17:35 Фото: видеодан алынған кадр

Көлік жүргізу құқығынан айырылса да, рөлге қайта отырған: Жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 29 жастағы азамат тағы да жол ережесін бұзды. Бұл жолы оның әрекеті немен аяқталды?

Түнгі патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған BMW 320 автокөлігін тоқтатты.

Жамбыл облысының Полиция департаменті мәлім еткендей, құжаттарды тексеру кезінде көлік тізгінінде жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 29 жастағы азаматтың отырғаны анықталды.

Алайда қолданыстағы шектеуге қарамастан, ол қайтадан көлік басқарған.

Аталған дерек бойынша полицейлер қажетті материалдарды жинақтап, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолдады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция көлік басқару құқығынан айырылған адамның қайтадан рөлге отыруы заң талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Еске сала кетейік, тұрғын үйді жалға беру кезінде бірнеше рет алаяқтық жасаған әйел қайтадан сотталды. Пәтер жалға беремін деп 13 адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты.

Тағы оқи отырыңыз: Баласының дүниеге келуін отшашумен атап өткен астаналық бес тәулікке қамалды 

90-жылдардағыдай: Ақтөбеде екі жасөспірім көшеде құрдастарын тонап, телефоны мен күртесін тартып алған 

Ақтауда су басқан көшеде көлігінің үстіне шығып, балық аулаған жігіт үш бап бойынша жазаланды