Көкшетаудағы өлімге әкелген жол апаты: Жаңа дерек шықты
Жүргізуші куәлігі болмаған әйел үйқамаққа алынды, ал көлікті сеніп тапсырған күйеуіне 5 жылға дейін жаза қаупі бар.
Көкшетауда 9 мамыр күні әйелдің өліміне себеп болған жол апаты бойынша тергеу аяқталуға жақын. ІІМ мәліметінше, іс сараптама қорытындысынан кейін сотқа жолданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
9 мамыр күні Көкшетаудағы тұрғын үй ауласында жол талғамайтын көлік әйелді қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған болатын. Аталған іс бойынша тергеу соңғы кезеңге жетті.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, сараптама қорытындылары алынғаннан кейін іс бірден сотқа жолданады.
Тергеу барысында көлік тізгінінде болған әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны және ешқашан авто-мектепте оқымағаны анықталған. Қазіргі таңда ол үйқамақта отыр.
Сондай-ақ көлікті басқаруға рұқсат бергені үшін оның күйеуі де жауапкершілікке тартылады. Оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы Сарыарқа шағынауданындағы аулалардың бірінде болған. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші әйел көз жұмды.
Сондай-ақ, Көкшетаудағы апатқа қатысты жаңа дерек шықты.
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49
- Астанада бұған дейін жабық болған «Жібек жолы» LRT станциясы ашылды 09:24
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:54
- Қазақстан мен Ресей волонтерлері трансшекаралық өзендерді тазалады 08:32