Көкшетауда көлік жүргізген әйел тротуарға шығып, баланы қағып кетті
Көкшетауда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер аймағына шығып кетіп, қыз баланы қағып кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын айтты.
Көкшетауда жеңіл көлік тротуарға шығып кетіп, кәмелетке толмаған қыз баланы қағып кетті. Бұл оқиғаға қатысты Ақмола облысының Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға 19 мамыр күні болған. Жол-көлік оқиғасы сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда көліктің кенеттен басқарудан шығып, жаяу жүргіншілер аймағына кіріп кеткені көрінеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүргізуші газ бен тежегіш педальдарын шатастырып алуы мүмкін.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел жеткен. Анықталғандай, оқиға кезінде қыз бала анасымен бірге тротуарда тұрған.
Салдарынан кәмелетке толмаған қыз жеңіл жарақат алған. Дәрігерлер тексерісінен кейін ол үйіне жіберілген.
Баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты шағым түсірген жоқ. Соған қарамастан, жол-көлік оқиғасы бойынша материал жиналып, жүргізуші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады полициядан.
Еске салайық, Көкшетауда осыған ұқсас тағы бір қайғылы жағдай 10 мамырда болған еді. Әйел адамды көлік қағып, қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі тұрғын үй ауласына кіріп келе жатып, әйел адамды қағып кеткен. Қайғылы сәт бейнекамераға түсіп қалған. Кадрлардан көліктің автотұраққа бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткені көрінеді
Сондай-ақ Көкшетаудағы апатқа қатысты жаңа дерек шықты. Жүргізуші куәлігі болмаған әйел үйқамаққа алынды, ал көлікті сеніп тапсырған күйеуіне 5 жылға дейін жаза қаупі бар.
- Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті жұмысын бастады 09:36
- «Bingo-37» және «Lotoboom»: Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырушылары сотталды 09:24
- «Қазақстан құрамасы мұндай төмен нәтиже көрсетпеуі тиіс»: ҚФФ бас хатшысы мәлімдеме жасады 08:50
- Ақтау порты контейнерлік тасымал бойынша рекорд жаңартты 08:21
- Медициналық нысандар мен тегін дәрі-дәрмек: Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер 08:00
- Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекске енуі мүмкін 07:49
- Қазақстанда соңғы жеті жылда 3,6 млн-нан астам жұмыс орны ашылды 07:35