Бүгiн 2026, 16:02 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Кезекте жоқ 15 адам заңсыз пәтер алған: Ақтөбеде экс-шенеунік сотталды

Пәтер алаяқтығы: Ақтөбеде ірі жемқорлық схемасының беті ашылды.

Ақтөбе сотында тұрғын үйлерді бөлу кезінде жемқорлық схемасын құрды деп айыпталған «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты.

Прокуратураның мәліметінше, бұрынғы шенеунік қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, кезекте тұрмаған адамдарға пәтер бөлуді ұйымдастырған. Осылайша, тізімге 15 азамат заңсыз енгізілген.

Схема бойынша бастапқыда тұруға жарамсыз тұрғын үйлерді беріп, кейін оларды жайлы пәтерлерге ауыстырып, тұрғын үй комиссиясымен заңсыз шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылған. Пәтерлер жекешелендірілген және сатылған, бұл пайдакүнемдік ниетін растайды, – деп атап өтті прокуратура өкілдері.

2026 жылғы 29 сәуірде №2 соттың шешімімен бұрынғы шенеунік кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Алматы метросының 127 миллионын жымқырған 10 шенеунік сотталды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жамбыл облысында полиция тергеушісі пара алды деген күдікке ілікті

Мектептің 18 миллионы: Есепші үнемі өзіне екі есе жалақы төлеп, күйеуіне де ақша аударып отырған

Директор мен бухгалтер "бизнесі": 10 жыл бойы жалақыны жымқырғандар жазасыз қалмады