20 Тамыз 2026, 11:43 Фото: pixabay.com

Кенияда тікұшақ апатқа ұшырады: Туристердің барлығы қаза тапты

Борттағы барлық адам қайтыс болды.

Кенияда тікұшақ апатқа ұшырап, салдарынан жеті адам қаза тапты. Синьхуаның мәліметінше, қаза тапқандардың арасында алты турист пен ұшқыш бар. Аман қалғандар жоқ.

Апат қай жерде болды?

Кения полициясының мәліметі бойынша, тіркеу нөмірі 5Y-GYM болатын Eurocopter EC130 B4 тікұшағы Самбуру округіндегі Ололокве тауында құлады.

Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 09:13 шамасында болған. Құқық қорғау органдары борттағы барлық адамның қаза тапқанын растады.

Тікұшақ қайда бағыт алған?

Әуе кемесін Lady Lori чартерлік компаниясы басқарған. Тікұшақ Лайкипия округіндегі Соян ранчосынан Кенияның орталық бөлігінде орналасқан Лойсаба қорығына қарай ұшып бара жатқан.

Себептері туралы не белгілі?

Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ. Жергілікті авиациялық билік орындары болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

Кения билігінің мәліметінше, бортта жеті адам болған, олардың барлығы қаза тапты.

Еске салайық, бұған дейін Грекияда жеке тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапқаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыз:

Рио-де-Жанейрода тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

Грекияда өрт сөндіру тікұшақтары соқтығысып, екі адам қаза тапты

Түркістан тауларындағы трагедия: бір турист көз жұмып, екіншісі тікұшақпен құтқарылды