Израиль, Иран мен Ливанда зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - СІМ
Бұл туралы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы елшіліктері осы елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста екенін айтты.
Осы уақытқа дейін ҚР-ның зардап шеккен немесе қаза тапқан азаматтары туралы ақпарат келіп түскен жоқ, - деді министрліктің ресми өкілі.
Еске сала кетейік, осыған дейін СІМ ресми мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы қазақстандықтардың жағдайына қатысты ресми мәлімет берді. Еліміздің Израильдегі елшілігі азаматтарымыздан қауіпсіздікті күшейтуді сұрайды. Сондай-ақ СІМ елдерді күш қолданудан бас тартуға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таяу Шығыстағы қақтығыс: СІМ ресми мәлімдеме жасады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы