Бүгiн 2026, 17:23 Фото: istockphoto.com

Испанияда маусымдағы аптап ыстықтан 900-ге жуық адам көз жұмды

Маусым айы ел тарихындағы ең ыстық кезеңдердің бірі болды. Ай соңындағы бес күндік аптапта кей өңірлерде ауа температурасы 40 градустан асты.

2026 жылы Еуропадағы бұрын-соңды болмаған аптап ыстық мыңнан астам адамның өмірін қиды. Испанияда алдын ала бағалау бойынша, экстремалды ыстық 900-ге жуық адамның өліміне себеп болған. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Испанияның Мемлекеттік метеорологиялық агенттігінің (AEMET) мәліметінше, маусым айындағы орташа температура 1961 жылдан бергі бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Әсіресе айдың соңындағы бес күндік аптап ауыр тиген. Бұл күндері елдің көптеген ауданында ауа температурасы 40°C-тан жоғары көтерілген.

Күнделікті өлім-жітімді бақылау жүйесі MoMo дерегінше, маусым айында шамамен 900 өлім жағдайы экстремалды ыстықпен байланысты болған. Қайтыс болғандардың басым бөлігі 65 жастан асқан адамдар. Ең осал топ ретінде егде жастағы әйелдер аталып отыр.

Аптаптан әсіресе елдің солтүстік өңірлері қатты зардап шеккен. Бұл аймақтарда жоғары температура сирек кездесетіндіктен, халық пен инфрақұрылым мұндай жағдайға жеткілікті бейімделмеген.

Мамандар экстремалды ыстықтың егде жастағы адамдарға, созылмалы ауруы бар науқастарға, кішкентай балаларға және ашық ауада жұмыс істейтіндерге ерекше қауіпті екенін ескертеді.

Еске салсақ, бұған дейін Парижде аптап ыстықтан бір тәулікте 109 адам қайтыс болғаны хабарланды.

Ал Францияда аптап ыстықтан мәйітханаларда орын жетіспей жатыр. Жерлеу бюроларына көп қоңырау түсіп жатыр.