19 Қазан 2026, 15:18 Фото: olympic.kz

Ибраһим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отандасымыз J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, барлық қарсыласынан басым түсті.

Нұрмаханұлы 2025 жылы Азия чемпионы атанса, 2026 жылы пара дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген.

Бұған дейін Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды. 

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алғанын хабарладық.