GGG, Канело, Шакира: Шымкенттегі үш абданға ерекше есім қойылды
Жаңадан туған абдандардың есімдерін желі оқырмандары таңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент зообағындағы Симба мен Тану жұбынан 3 абадан дүниеге келген болатын. Оның екеуі аталық болса, біреуі - аналық.
Қазір үшеуінің жағдайы қалыпты. Зообақ қызметкерлері оларға лақап ат қою үшін әлеуметтік желіде байқау жариялаған. Яғни, жаңадан туған абдандардың есімдерін желі оқырмандары таңдады.
Әлеуметтік желімізге 200-ден астам нұсқалар мен ұсыныстар келіп түсті. Оладың ішінен саралай келе зоосаябақ әкімшілігі GGG, Канело, Шакира деген лақап аттарды таңдап алды. Бұл лақап аттарды таңдаған себебіміз мықты, атақты, қайсар, өжет болсын деген ниеттеміз, - деп жазылды зообақтың Instagram желісіндегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны 200 мыңнан асады
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы