Бүгiн 2026, 16:38 Фото: freepik.com

Германияда Қазақстан азаматы «шпион» деп айыпталды

Қазақстан азаматына тыңшылық жасады деген айып тағылды.

47 жастағы ер адамға Ресей барлау қызметінің агенті ретінде әрекет етті деген айып тағылып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ықтимал диверсияларға да дайын болған болуы мүмкін. Бұл туралы Tagesschau хабарлады.

Тергеушілердің мәліметінше, күдікті негізінен смартфон арқылы түрлі нысандарды суретке түсіріп, оларды Ресей барлау қызметіндегі байланысшысына жіберіп отырған.

Олардың қатарында - автожолдардағы әскери колонналар, саясаткерлер мен арнайы қызметтердің қызметтік көліктері, үкіметтік ғимараттар, сондай-ақ негізінен Берлинде орналасқан қорғаныс өнеркәсібі нысандары бар.

Құқық қорғау органдары оның тек ашық қолжетімді нысандарды ғана тіркегенін атап өтті. Алайда бұл тыңшылық үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

Сондай-ақ, эпизодтардың бірінде НАТО-ға мүше басқа елдің әскери көліктері байқалғаны хабарланды. Бұл жайт альянс күштерінің мәртебесіне байланысты қосымша құқықтық нормалардың қолданылуына негіз болуы мүмкін. 

Еске салайық, бұған дейін Ресейдегі қар көшкінінен Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар: 

Ақтөбе облысында дрон сынықтары табылды: Жарылыс сәтіндегі видео жарияланды

Абай облысында зардап шеккен кеншінің жағдайы белгілі болды

Тыңшылық жасауы мүмкін: Иранда Израиль барлауымен байланысы бар бес адам қамауға алынды