«G-Global». Әлемдегі қазіргі жағдай мен зерттеген дағдарыстың ең үлкені – профессор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Гарвард университетінің профессоры, бас экономисті Кеннет Рогофф онлайн ұйымдастырылған халықаралық антикризистік конференция барысында айтты.
Оның айтуынша, пандемия әлемнің елдері экономикасына үлкен кесірін тигізді. Дегенмен мемлекеттер орталық банктерге ғана үміт артып отырмауы тиіс. Оның да өз салдары болады. Елдегі бизнес пен өзге де салалар жаңа формат мен тығырықтан шығудың жаңа әдістерін ойластыруға мән берулері қажет.
Әр нәрсенің плюсі мен минусы болады десек, пандемия жағдайдағы дағдарыстың бір плюсі осы. Оның бірегейлігі медицинадан бастау алып, экономикалық дағдарыс туындатуы, енді оның саяси дағдарысқа ұласуын болдырмау маңызды. Оның тағы бір бірегейлігі белгісіздік. Эпидемиологиялық жағдай әлем елдеріне нақты қадамдар жасауына кедергі келтіруде, - деді ол.
Оның айтуынша, бұл дағдарысты бір жылда еңсергіміз деу артық. Басты назар мерзімге емес, онымен күреске аудару керек.
Жаңартылған Бреттон-Вуд комитетінің атқарушы директоры Марк Узан өз кезегінде Халықаралық валюталық қор дерегінше пандемия салдарынан туындаған экономиқалық дағдарысты еңсеру үшін әлем елдерінің билігі мен орталық банктері 90 млрд доллар қаржы бөлді деген дерек келтірді.