Филиппинде мектепте атыс болып, төрт адам қаза тапты
Күдікті жоғары сынып оқушысы.
Филиппиннің оңтүстігіндегі мектепте болған атыс салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тауып, тағы тоғызы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu-ға сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 18 тамыз күні таңертең Замбоанга қаласындағы Ateneo de Zamboanga жоғары мектебінде сабақ басталар алдында болды.
Шабуыл туралы не белгілі?
Филиппиннің Ұлттық тергеу бюросының мәліметінше, қаза тапқандардың арасында екі оқушы мен қауіпсіздік қызметінің екі қызметкері бар. Тағы тоғыз адам әртүрлі жарақат алды. Қаза тапқандардың аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, күдікті жоғары сынып оқушысы болған. Алдын ала деректер бойынша, ол мектеп аумағына тапанша мен винтовка алып кіріп, сыныптардың бірінде оқ жаудырған.
Замбоанга қаласының мэрі Хаймер Адан Оласо күдікті мен құрбандардың бірі осы жекеменшік мектепте оқығанын растады.
Атыстың себептері анықталуда
Оқиға орнында полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары шабуылдың мотивін анықтап, сондай-ақ қарудың оқу орнының аумағына қалай кіргізілгенін және қауіпсіздік жүйесінде қандай да бір заңбұзушылықтардың болғанын тексеруде.
Еске салайық, бұған дейін Таиландта жасөспірім жеті адамды атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсағаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Иранда белгісіз адамдар кофеханада оқ жаудырды: екі адам қаза тапты
АҚШ-тың Айдахо штатындағы атыс салдарынан үш адам қаза тапты