Бүгiн 2026, 12:50 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Еуропадағы аптап ыстық: 1300-ден астам адам қайтыс болды

Еуропаны жайлаған аптап ыстық 1300-ден астам адамның өмірін алып кетті.

Күшейіп бара жатқан климаттық өзгерістер аясында Еуропа елдері бір аптадан астам уақыт бойы қалыптан тыс ыстықтан зардап шегуде.

Көптеген аймақтарда ауа температурасы +40 градустан асып кетті, ал экстремалды ауа райы өлім-жітім көрсеткішінің күрт өсуіне әкеліп соқты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің мәлімдеуінше, Еуропа - Жер шарындағы ең тез жылынып жатқан континент. Мұндағы температураның өсу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары.

Қазіргі уақытта 150 миллионға жуық адам тым қатты аптап ыстық жағдайында өмір сүріп жатыр. Жүздеген адам қаза тапты, мектептер жабылуда, ал энергия жүйелері шекті қуаттылықта жұмыс істеп тұр. Климаттың өзгеруі мен жаһандық жылынудың кесірінен бұрын "әр ұрпақта бір рет болатын ыстық" деп есептелген құбылыс қазір жыл сайын қайталанатын болды. Бұл туралы бізге алдын ала ескертілген болатын, - деп жазды ол өзінің X парақшасында.

Ол 2026 жылдың 21 маусымынан бастап Еуропада аптап ыстыққа байланысты 1300-ден астам артық өлім-жітім жағдайы тіркелгенін атап өтті.

Жылулық стресті жиі "үнсіз қанішер" деп атайды. Өйткені Еуропадағы үйлер, жұмыс орындары мен мектептер мұндай экстремалды температураға арналмаған. Біз Еуропа елдерін климаттың өзгеру салдарынан денсаулықты сақтаудың кеңірек стратегиясының бөлігі ретінде, аптап ыстық кезеңінде халық денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарларын енгізуге шақырамыз, - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін мамыр айындағы +35°C ыстық кезінде Еуропада ғасырлық рекорд жаңарды

Сондай-ақ, Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты

Синоптиктер де шілдеде ауа райы қандай болатнын болжады