Бүгiн 2026, 17:48
Фото: ©BAQ.KZ/Бауыржан Жуасбаев
Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.
Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Саммиттің тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму».
Сонымен қатар, Ердоғанның Қазақстанға сапары бүкіл аймақ үшін неліктен маңызды екенін оқи аласыздар.