Елжан Біртановтың ісі сотқа қайта келіп түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевтің ісі Сарыарқа ауданының сотына қайта келіп түсті.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевтің ісі Сарыарқа ауданының сотына қайта келіп түсті. Алдын ала тыңдау 11 мамырға белгіленген, - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сот процесі 11 мамыр күні сағат 10.00-де онлайн форматта өтеді.

Еске сала кетсек, экс-министр Елжан Біртановқа ведомство басшысы болған кезде орынбасары Олжас Әбішевпен бірге жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеуніктерге мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірді делінген.

Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. 

Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды.

2020 жылдың қараша айында Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты.

2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпан айының соңына дейін ұзартты.

Кейін тергеу 2021 жылдың 12 ақпанында үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешімді ертерек бастады, сот қамауға алу мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты. 

2021 жылы 14 шілде күні Елжан Біртановтың үй қамағы мерзімі тағы да екі айға ұзартылған болатын. Оның адвокаттары Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының сәйкес қаулысына жеке шағым түсірді. Осылайша, Біртановтың адвокаттары оны үйқамақтан босатуды сұрады.

2021 жылы 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Талғат Ақшабаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты

2021 жылы 18 қарашада Біртановты үйқамаққа алудың күшін жою туралы шешім қабылданбады. Судья қаулы процессуалдық шағымдануға жатпайтынын мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы