Елімізде күрделі операцияларға 90 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды
Алты мыңға жуық пациент жоғары технологиялы медициналық көмек алды.
Қазақстанда өткен жылы 32 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалды. Алты мыңға жуық пациент жоғары технологиялы медициналық көмек алды. Бір жыл ішінде күрделі операцияларды жүргізуге 91,3 миллиард теңге бағытталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Елде жүрек мен қан тамырлары ауруларына көптеген күрделі ота жасалған.
«Бүгінде елімізде жүрек пен қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған күрделі хирургиялық араласулардың кең ауқымы орындалады. Заманауи технологиялар мен кардиохирургиялық орталықтардың жоғары деңгейде жабдықталуы пациенттерге жоспарлы түрде де және шұғыл араласуды қажет ететін жедел жағдайларда да мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Қазақстандықтарға жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек медициналық көрсетілімдер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі.
Еске салайық, бұған дейін ДСМ Қазақстанда кімдер тегін скринингтен өте алатынын түсіндірді.
Сондай-ақ, елімізде темекі шегетіндер өкпе рагына тегін тексерілетіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ата-аналар назарына: 17 жасқа дейінгі қыздарға АПВ екпесі тегін салынады
Балалар тісін жеке емханаларда тегін емдете алады
ДЦП диагнозы бар балалар мен созылмалы ауруы бар ересектер тегін медициналық көмек алады