Дильназ Ахмадиеваның даулы клипы: Білім басқармасы мәлімдеме жасады
Әнші Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының «Milfa» әніне түсірген клипі әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Бейнебаян Алматы қаласындағы колледждердің бірінде түсірілгені анықталды.
Музыкалық бейнеклиптің түсірілімі Алматы қаласы Білім басқармасымен алдын ала келісілмегені белгілі болды.
Білім басқармасы BAQ.KZ сауалына жауап жолдап, клип түсірілген кезде колледж директорының іссапарда болғанын мәлімдеді.
Түсірілім жүргізілген уақытта колледж директоры қызметтік іссапарда болған. Осы кезеңде колледж басшысының міндетін атқарушы түсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген. Алдын ала ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бастапқыда әнші Дильназ Ахмадиеваның колледж студенттерімен кездесіп, өзінің өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы әңгімелесуі жоспарланған. Бұл ретте түсірілімнің нақты мақсаты, сценарийі мен бейнематериалдың мазмұны колледж әкімшілігі тарапынан тиісті деңгейде зерделенбеген. Осыған орай, Алматы қаласы Білім басқармасы аталған жағдайға байланысты жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне тиісті баға беріп, ұйымдастырушылық және тәртіптік шаралар қабылдайтын болады. Атап айтқанда, түсірілім жұмыстарын тиісті келісімсіз ұйымдастыруға жол берген колледж директорының міндетін атқарушының тәртіптік жауапкершілігі қаралады, - деп жазылған Білім басқармасының жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін мектеп гардеробындағы кептеліс болып, Астанада директор қызметінен босатылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Көршілер арасындағы жанжал: Шымкентте ер адам қаза тапты
Көкшетауда мектеп маңында бала көліктен құлап, жүргізуші жауапқа тартылды