Денсаулық сақтау министрлігі пневмонияның алдын алу жолдарын айтты

12 қарашада Дүниежүзілік пневмония күнін атап өтіледі. Дәл осы күні  ДДСҰ ЮНИСЕФ-пен бірлесіп пневмонияның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, тұмауға, пневмококкқа және гемофильді таяқшаға қарсы вакцинацияны қолдану да пневмонияның дамуын болдырмаудың тиімді әдістерінің бірі.

Атап айтқанда, пневмония барлық жастағы адамдарға әсер етеді, бірақ әсіресе аға буынға, иммун тапшылығы бар адамдарға және 5 жасқа дейінгі балаларға қауіпті, өйткені дәл осы топтардың иммунитеті әлсіреген немесе әлі жетілмеген болып келеді.

Ағзаларды трансплантациялау немесе химиотерапия курстарын жүргізу салдарынан иммундық жүйесі әлсіреген адамдар, сондай-ақ жаман әдеттерді теріс пайдаланатындар пневмониямен ауыруға бейім. Жүкті әйелдер де өмірге қауіп төндіретін пневмонияның даму қаупіне ұшырауы мүмкін. Пневмонияның дамуының қауіп факторларының ішінде адамда бронх демікпесі, қант диабеті және созылмалы обструктивті өкпе ілеспе ауруы бар, - делінген министрлік хабарламасында.

Өзіңізді тұмаудан және оның асқынуларынан (пневмония) қорғау үшін тұмауға қарсы екпе алу, адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде болу уақытын қысқарту, адамдар көп жиналатын жерлерде маска мен қолғапты кию, респираторлық аурудың белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болу қажет.

Сондай-ақ,  көше мен қоғамдық көліктен кейін қолыңызды сабынмен үнемі жуып отыру керек, тұрған бөлмені желдетіп, ылғалды тазалауды жүргізу қажет.
Гемофильді, пневмококкты инфекцияға, қызылшаға және көкжөтелге қарсы иммундау пневмонияның алдын алудың тиімді әдісі болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы