Бүгiн 2026, 15:59 Фото: Ұлттық статистика бюросы

Дәрігерлер Ақтөбеде пакеттің ішінен табылған шақалақтың жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер ұл баланың тәбеті жақсы және біртіндеп салмақ қосып келе жатқанын жеткізді.

Ақтөбедегі облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұған дейін қоқыс контейнерінің жанындағы пакеттен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы туралы айтты.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей, ұл баланың тәбеті жақсы және біртіндеп салмақ қосып келеді. Қазіргі уақытта ол қалалық балалар ауруханасында жатыр.

Нәресте стационарға жеткізілгенде салмағы 2900 грамм болған. Қазір 3120 граммға жетті. Баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, талдау қорытындылары (анализдері) реттелді, – деп атап өтті басқармадан.

Қазіргі уақытта кішкентай баланы Балалар үйіне ауыстыруға дайындап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін 23 мамырда Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыз бала тұрғын үйдің ауласындағы қоқыс жәшігіне жақын жерден пакетке салынған жаңа туған нәрестені тауып алған. Ол бұл туралы ата-анасына айтып, олар бірден полиция мен медиктерді шақыртқан.

Тағы оқи отырыңыздар:

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылған еді

Түркістан облысында да қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды