Бұланды ауданында балық аулауға кеткен ер адамның денесі табылды
Оның резеңке қайығы қамыс арасынан шықты.
Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулауға кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13 қазанда Бұланды ауданының Никольское ауылы маңындағы Жарлыкөл көлінде 1958 жылы туған ер адамның суға кетуі мүмкін екені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам балық аулап жүрген.
Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Іздестіру жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар қатысты, - деп хабарлады Ақмола облыының ТЖД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына жолдаған жауабында.
Құтқарушылар балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Айта кетейік, бұған дейін Каспийде оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші суға батып кетті.
Тағы оқи отырыңыз:
Зайсан көлінде жоғалған балықшылардың денесі табылды
Қоянды маңындағы жағажайда екі бала суға батып кетті