БҚО-да электр подстанциясына шыққан 11 жастағы бала қайтыс болды
БҚО-да электр подстанциясына шыққан 11 жастағы баланы тоқ соғып, қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі редакцияның сауалына жауап жолдап, оқиғаны растады.
Круглоозерный ауылында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1 қыркүйек күні сағат 20:30-да 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала электр подстанциясына шығып, тоқ соғу салдарынан қайтыс болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазылған полицияның жауабында.
Полиция ата-аналарға балаларына қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыру қажет екенін ескертеді.
Электр подстанциялары мен басқа да электрмен жабдықтау объектілері адам өміріне қауіп төндіреді. Балаларға мұндай объектілердің аумағына кіруге және электр қондырғыларына жақындауға қатаң тыйым салу қажет.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайды селфи жасамақ болған жасөспірім вагон үстіне шығып, денесінің 60 пайызын күйік шалғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада аулада тоқ соққан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті
Селфидің ауыр зардабы: Қостанайда тоқ соққан жасөспірімге 18 ота жасалды
Ақмола облысында 18 жастағы жігітті тоқ соғып, көз жұмды