БҚО-да алимент төлемей жүрген әкелердің құмар ойынға миллиондап ақша тіккені анықталды
Табысын жасырған борышкерлер белгілі болды.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тексеру барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 6 борышкердің букмекерлік платформаларда бәс тіккенін анықтады.
Прокуратура дерегінше, алимент бойынша 2,6 млн теңге берешегі бар борышкер 2 жыл ішінде шамамен 5 млн теңгеге бәс тігіп, 3 млн теңге көлемінде ұтыс алған.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде биыл 21 адам қылмыстық, 116 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін алимент төлемейтіндердің кірісі цифрлық жүйемен тексерілетіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақтөбеде ер адам қарызы мен алиментін жабу үшін жұмыс орнын тонап кеткен
Алимент жанжалы: Өзбекстан азаматы әйелі мен кішкентай қызын пышақтап тастаған
Қазақстанда алименттің қайда жұмсалғанын бақылау күшеюі мүмкін