Биыл жыл басынан бері 36 қаржы пирамидасы анықталды

Биыл жыл басынан бері 36 қаржылық пирамида анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 200 чат әшкереленіп, бүгінде оның 182-сі бұғатталды. «Кибербақылау» жүйесінде осы жылы 3 мыңнан астам сілтеменің жолы кесілді. Осылайша, 126 мың азамат ақшалай шығынға батудан аман қалды. Бұл туралы бүгін Қаржылық мониторинг агенттігінің онлайн жиыны кезінде айтылды. Пікірталасқа еліміздің 35 жоғары оқу орнынан 20 мыңнан астам студент қатысты. Іс-шара барысында студенттер үшін әккі әрекеттердің алдын алуға бағытталған үздік бейнероликке байқау жарияланды. Жеңімпаз қыркүйек айында анықталады.

Елде жастарды таныстыратын бағдарламалар бар ғой. Атаулары ауыса береді. 3-4 сағат бойы эфирден түспейді. Сол арқылы қатысушылары түрлерін жасап, бренд қалыптастырады. Сонан соң өз аудиториясына барлық жарнаманы бере береді. Интернет-казиноны жарнамалайды, - дейді алаяқтықпен күресу жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбеков.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі ел азаматтарын экономикалық және қаржылық құқығын қорғауға, қаржы пирамидаларына ақша салмауға шақырды.

Біз бірнеше блогерді жинадық. Депутаттық корпустың өкілдері бар. Министрліктің басшылары бар. Осы алаң арқылы біз азаматтарымызды экономикалық және қаржылық құқығын қорғауға, демек қаржы пирамидаларына ақша салмауға, одан кейін дроптар деген кім? Осы бағыттағы ақпаратты беруді мақсат еттік, - дейді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы