Бүгiн 2026, 17:35 Фото: depositphotos.com

Бітімді бұзып, шабуыл жасады: Ливан Израильді айыптады 

Атысты тоқтату режимі 2026 жылғы 17 сәуірге қараған түні күшіне енгенімен, Израиль келісім күшіне енгеннен кейін жарты сағат өтпей жатып соққы жасаған.

Ливан армиясы Израиль тарапынан атысты тоқтату режимі бұзылғанын мәлімдеп, елдің оңтүстігіндегі тұрғындарды жағдай толық тұрақталғанға дейін үйлеріне оралуға асықпауға шақырды. Бұл туралы ұлттық ливандық NNA агенттігі хабарлады. 

Атысты тоқтату режимі 17 сәуірге қараған түні күшіне енген. Ливан армиясының мәліметінше, Израиль келісім күшіне енгеннен кейін жарты сағат өтпей жатып соққы жасаған. Салдарынан елдің оңтүстігіндегі бірнеше елді мекен зардап шеккен.

Ұлттық ақпарат агенттігінің өкілі Хиям және Дибин қалалары артиллериялық атқылауға ұшырағанын, сондай-ақ Рашайя ауданы мен Джабал аш-Шейхтің батыс бөктерлері үстінде израильдік барлау ұшқышсыз аппараттарының белсенді ұшуы байқалғанын хабарлады.

Ливан армиясы азаматтарды атысты тоқтату туралы келісімнің бірқатар бұзылуына байланысты оңтүстіктегі ауылдар мен елді мекендерге оралуға асықпауға шақырады. Бұл бұзушылықтар салдарынан Израиль тарапынан шабуылдар тіркелді, – делінген армияның X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде.

Ал Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіне жасалған соққыларға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, 2026 жылғы 16 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан 10 күндік бітімге келгенін мәлімдеген болатын. Келісім 17 сәуірге қараған түні күшіне енді.

Бұған дейін 14 сәуірде Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысуымен Израиль мен Ливан өкілдерінің 1993 жылдан бергі алғашқы кездесуі өткен еді.

Тағы оқи отырыңыздар:

Тоқаев: Иран төңірегіндегі түйткіл – ядролық қару