Бишімбаев соты. Куәгер Нүкенова қайтыс болған түн туралы айтты

Бишімбаев сотында Нүкенова қаза болған түні жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерден жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, біз көп сөйлескен жоқпыз. 9 қарашандан үш күн бұрын онымен (еск - Бишімбаев) кездестік. Бұл кезде бізбен бірге декораторлар жұмыс істеген еді. Ол біздің жұмысшылар мен декораторлардың жұмысын қарап жүрді. Айтарлықтай ештеңе байқамадық, сөйлескен кезде бәрі дұрыс болды, - деді куәгер.

Адвокат "қайғылы оқиға болған 9 қараша түні Бишімбаев жұмысшылардан қандай да зат сұрады ма?" деп сұрақ қойды.

Екі рет шығып оттық сұрағаны есімде. Мұны тек өзім ғана көрдім, - деді ол.

Адвокат куәгерден "оқиға болған түні VIP бөлмеден қандай да бір дауыс шықты ма?" деп сұрады.

Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Тек бөлмеден шыққан дауыстарды естігенде оның агрессивті екен деп қабылдадық, - деді қызметкер.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сотта жедел-жәрдем қызметкері куәлік берді. Ол шақыртуға келген кезде ес-түссіз жатқанын айтты. 

Бұдан бөлек куәгер ретінде сотқа Салтанаттың әпкесі келді. Ол қайғылы оқиға болған түн жайлы айтып берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы