Біртановтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қамау мерзімі тағы ұзартылды. 

Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Дмитрий Куряченко кеше, 26 наурызда сағат 22:47-де Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімін ұзартқанын мәлімдеді.

Ол судьяның бұлай жасауының себебі белгілі. Өйткені Біртановты қамауға алу мерзімін ұзартпаса, оны заңсыз қамауға алды дегенді білдіреді. Тергеу ісі бойынша Біртановты күдікті ретінде ұстауға негіз болған жоқ. Тіпті үй қамауына алу да негізсіз, - деді Куряченко.

Еске салсақ, Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі бұған дейін де, яғни 22 ақпанда ұзартылған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатқаны былтыр қараша айында белгілі болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы