Біртанов ісі: Қылмыстық іс сотқа түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіпте басты сот талқылауын тағайындау немесе істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды. Қосымша ақпаратты хабарлаймыз, - деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хабарламасының мәліметінде.

Елжан Біртановқа өкілеттіктерін асыра пайдаланды және аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар ол министр кезінде санитарлық авиацияның ұшағын заңсыз пайдаланғаны үшін айыпталуда.

Еске сала кетейік, Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. 

Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды.

2020 жылдың қараша айында Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты.

2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпан айының соңына дейін ұзартты.
Кейін тергеу 2021 жылдың 12 ақпанында үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешімді ертерек бастады, сот қамауға алу мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты. 

2021 жылы 14 шілде күні Елжан Біртановтың үй қамағы мерзімі тағы да екі айға ұзартылған болатын. Оның адвокаттары Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының сәйкес қаулысына жеке шағым түсірді. Осылайша, Біртановтың адвокаттары оны үйқамақтан босатуды сұрады.

2021 жылы 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Талғат Ақшабаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты

2021 жылы 18 қарашада Біртановты үйқамаққа алудың күшін жою туралы шешім қабылданбады. Судья қаулы процессуалдық шағымдануға жатпайтынын мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы