Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі турнирдің көшбасшылар тізімінде

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-придің үшінші кезеңінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алтыншы раундта қара фигуралармен ойнаған Бибісара Асаубаева белгілі ресейлік шахматшы Полина Шувалованы жеңіп кетті. Бұл жеңіс қазақстандықтар үшін осы жарыстардағы төртіншісі болды. Өз активіне 4 ұпай жинап, Бибісара турнир кестесінің көшбасшысы, қытайлық Чжу Цзиньэрді қуып жетті, ал ол, әзірге мүлде жеңіліп көрмеген.

1 сәуірде Бибісара Асаубаева Азия чемпионы болып табылатын үндінің өте мықты шахматшысы Хампи Конерумен ойнайды.

Асабауева осы жарыстарда тек бір партияда жеңіліс тапты. Ол ресейлік Александра Горячкинаға жол беріп қойды. Дегенмен бұған дейін Бибісара Нино Батсиашвилиді (Грузия), Рамешбабу Вайшалиді және Харико Дроноваллиді (екеуі де Үндістаннан) жеңіп кеткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Instagram/bibisarachess
Өзгелердің жаңалығы