"Бәйтерек" ескерткіші алдында әдепсіз қылық көрсеткен 19 жастағы жігіт ұсталды
19 жастағы елорда тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қала монументіне құрметсіздік танытылған жарияланым анықталды.
Атап айтқанда, бозбала ескерткіш аясында әдепсіз сипаттағы фотосурет жасап, жариялаған.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылып, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Елорда полициясы мұндай әрекеттердің жол беруге болмайтынын, қоғамдық нормаларды қорлайтынын және қаланың мәдени әрі маңызды нысандарына ашық түрде құрметсіздік білдіретінін атап өтеді. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылған, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін қоқыстан елтаңба тауып, үйіне ілген ер адам жауапқа тартылған болатын.
Тағы оқи отырыңыздар:
WhatsApp чатындағы ұрыс: Шымкентте көршілердің дауы сотқа жетті
TikTok-та мұғалімді мазақ ету трендке айналды ма? Қостанайда оқушылардың әрекеті тексеріліп жатыр
Петропавл орталығында қыздарға тиіскен жігіт жауапқа тартылды