18 Маусым 2026, 20:45
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Батыс Қазақстан облысындағы бухгалтер бюджеттен 9 миллион теңге ұрлаған
Бюджет қаражатына қол салған есепші сотталды.
БҚО Тасқала ауданының прокуратурасы Тасқала ауданы білім бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорынының есепшісі 9 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.
Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Соттың үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жылға материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, қаражат бюджетке қайтарылды, - деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін қарағандылық әйелдер емханаға заңсыз төленген ақшаларын қайтарып алды.
Тағы оқи отырыңыздар:
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33