«Самұрық-Қазына» АҚ қызметін штаттық режимде жалғастыруда
«Самұрық-Қазына» басшылары ұсталғанына қарамастан, қор мен оның еншілес компаниялары штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
«Самұрық-Қазына» АҚ басшыларының ұсталуынан кейін қор өзінің және еншілес компанияларының жұмысына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның тобына кіретін компаниялар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскер серіктестер алдындағы міндеттемелер толық көлемде орындалады.
Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өз күшін сақтайды және қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалады. Қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылып жатыр. Қор қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерді орындауды жалғастыруда әрі қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала береді, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ барлық міндеттемесінің өзгеріссіз қалатынын және серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыратынын растады.
Айта кетейік, 11 қараша күні Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады.
Тағы оқи отырыңыз: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды: Олар кім және Президент бұған дейін қандай сын айтқан?
Мәртебе құтқармайды: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты сарапшылар не айтты?