Бүгiн 2026, 11:51 Фото: видеодан скриншот

"Баспен ұрды": Алматыда агрессивті ер адам бойжеткенге тап берді

Ер адам подъезд ішінде жанжал шығарып, одан кейін лифт ішінде бойжеткенді ұрған.

Алматыда ер адам подъезде бойжеткенге маза бермей, тіпті баспен ұрып жіберген.

«Ақкент» шағын ауданында ер адам подъезд ішінде жанжал шығарып, одан кейін лифт ішінде бойжеткенді басымен ұрған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада оның әуелде агрессивті мінез-құлық танытқаны, лифт шақыру батырмасын ұрғылап, содан соң қасында тұрған бойжеткенге тап бергені көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша Алатау ауданының ПБ жанындағы полиция бөлімімен жедел шаралар қабылданғанын хабарлады.

Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық көрсетіп, бойжеткенге дене жарақатын салған 26 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің іс-әрекетіне ҚР қылмыстық заңнамасы аясында жан-жақты құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кез келген зорлық-зомбылық көріністері, әсіресе әйелдерге қатысты әрекеттер қабылданбайтынын және олардың жолы барынша қатаң түрде кесілетінін баса айтамыз. Мұндай іс-әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Алматы полициясы азаматтарды бей-жай қарамауға және құқық бұзушылық фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы лифт ішінде бала өзінен үлкендердің әлімжеттігіне қарсы тұрды

Тағы оқи отырыңыздар:

Қарағандыда 10 жасар бала лифтіде қамалып қалған

Алматыда лифтіде дәрет сындырған курьер жазаланды

Астанада балалар лифт ішінде қалып қойды